Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген адам ұсталды
![Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген адам ұсталды Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген адам ұсталды](/storage/storage/element/2025/02/12/mainphoto/142100/1200xauto_DwBC6cLvs8ALdqh63QqOwiVaYrLaHOpYxep7lS0o.jpg)
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов
12.02.2025 10:25
128
Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2009 жылғы 9 қаңтарда «Астория» кафесінің жанында «А» есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмыс жасап, тергеуден жасырынған. Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған, - делінген қалалық прокуратура мәліметінде.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)