Шымкентте 103 нөміріне хабарласуда уақытша қиындықтар туындауы мүмкін

Шымкентте бүгін жедел жәрдем қызметінің 103 байланыс нөміріне хабарласуда бір сағатқа қиындықтар туындауы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау басқармасындағылар мұны техникалық жөндеу жұмыстарымен байланыстырып отыр
Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы хабардар етеді: 20.02.2025 қараған түні сағат 04:00-05:00 аралығында “103” нөмірі бойынша жедел жәрдемге қоңырау шалуда қиындықтар туындауы мүмкін. Сіздерге жедел жәрдемге кедергісіз хабарласу үшін осы 1 сағат аралығында мына сымтетіктерді ұсынамыз: 8-707-124-18-48; 8-701-100-84-94; 8-775-865-51-03; 8-707-416-49-96; 8-747-486-93-38; 8-707-729-40-28; 8-708-967-07-95; 8-778-120-34-85; 8-705-857-67-28; 8-778-604-92-54. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз,-делінген хабарламада.
