Шымкенте Терроризмге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
29.01.2023 18:40
1306
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Терроризмге қарсы комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырыс барысында комиссияның 2022 жылғы атқарған жұмыстарының нәтижелері айтылды. 2023 жылғы 1 тоқсанға діни экстремизм мен терроризм профилактикасы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі талқыланды.
Террористік сипаттағы қылмыстар үшін түзеу мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарының ағымдағы жай-күйіне талдау жасалды.
Отырыс нәтижесі бойынша қатысушыларға тиісті тапсырмалар берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Төрт өңірде тұман түсуіне байланысты ескерту жанияланды