Жаңалықтар

Шымкент жиенін ваннаға батырып өлтірген әйелге үкім шықты

Шымкент жиенін ваннаға батырып өлтірген әйелге үкім шықты
Фото: ©El.kz 26.01.2025 16:33 385

Шымкентте алты жастағы жиенін өлтірген әйелге үкім шықты. Ол қыздың қолын байлап, ваннада суға батырып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот отырысы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық сот отырысында өтті. Әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы өлтіру" бойынша айып тағылды.

Қайғылы оқиға 2024 жылғы маусымда қала тұрғыны мен оның әпкесінің қызы Ақпан батыр көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде болған.

2018 жылы туған жиені Е.-ның оянып, айқайлай бастағанына ашуланған сотталушы баланың қол-аяғын байлап, ұрып-соғып, оны еденге лақтырып жіберген. Салдарынан қыз есін жоғалтқан. Осыдан кейін сотталушы ваннаға су құйып, жиенін суға батырып, қасақана кісі өлтірген, - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға