Шымкент тұрғыны көшеде жартылай жалаңаш билеген
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
26.01.2024 09:55
929
Шымкент тұрғынына жартылай жалаңаш билегені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жастар әлеуметтік желі үшін контент түсіріп жатқан болуы мүмкін. Видеодағы жастар әлеуметтік желіге кезекті ролик түсірмек болған тәрізді.
Қыз арнайы жарық-дыбыстық сигнал орнатылған автокөлік алдында билеп жатыр. Бұл белгілер негізінде тек жедел жәрдем, патрульдік және өрт сөндіру көліктеріне арналған.
Тәртіп бұзғандарға 15 АЕК немесе 55 мың теңге шамасында айыппұл салынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты