Шымкент тұрғындары қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
15.06.2023 10:15
660
Шымкент тұрғындары «Chia Tai Tianging Group» қаржы пирамидасына 83 миллион теңге салған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, үйқамаққа алынған.
2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған. Қаржы пирамидасын құрды деген күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынған.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға