Жаңалықтар

Шымкент қаласында сегіз мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды

Шымкент қаласында сегіз мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды
Фото: © ОКҚ 07.12.2023 15:22 1003

Биыл Шымкент қаласында 10 айдың қортындысы бойынша тартылған инвестиция 22 пайызға, пайдалануға берілген  тұрғын үй алаңы 15, бөлшек сауда көлемі 19, көлік қызметі 21, өнеркәсіп өнім көлемі 1,7 пайызға артқан. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ Ғабит Әбдімәжитұлы жыл қортындысы бойынша экономиканың өсу қарқынын 4,2 пайызға жеткізу жоспарланғанын хабарлады.  

Қалаға инвестиция тартып, халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамту негізгі міндет болып табылады. Қазіргі таңда шаһарда 5 өндірістік аймақ бар. Онда жалпы сомасы 216 миллиард теңгені құрайтын 273 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды, - дейді әкім.

Ғабит Сыздықбековтың сөзінше, индустриялық аймақтар өзінің экономикалық тиімділігін көрсетіп отыр. Қазынаға түскен салықтық түсімдер 59 миллиард теңгені құраған.

Өңірге тартылған инвестиция барлық салаларға оң әсерін тигізуде. Бұл аймақтарды тиімді пайдалану мақсатында ревизия жүргізіліп жатыр. Басты мақсат – индустриялық аймақтарды жандандырып, өнім көлемін арттыру. Қазірдің өзінде игерілмей жатқан 52 гектарды құрайтын жер телімі анықталды - деді ол.

Әкім жаңа инвесторлар тартылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға