Шымкент полициясының жаңа бастығы тағайындалды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
23.09.2024 22:27
468
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша министрдің бұйрығымен Шымкент қаласы ПД бастығы лауазымына Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство жаңа басшының әртүрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мен оның жоғары кәсібилігін атап өтті.
Нұрлан Алмасбеков бұған дейін Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Бұған дейін мегаполистегі полиция ведомствосын Думан Таев басқарған болатын. Ол ПД қарамағына енгізілді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жанқош Тұраровтың 28 қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті