Шымкент полицейлері мерекелік марафонға қатысты

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
01.05.2025 21:29
92
Шымкентте Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік марафон өтті. Іс-шараға түрлі ұлт өкілдерінен құралған тәртіп сақшылар тобы қатысып, ел бірлігі мен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер марафонға «Заң мен тәртіп қағидаты – бірлікке бастар жол» деген ұранмен қатысып, қоғамға қызмет етуде бірлік пен өзара түсіністіктің маңызын паш етті.
Қалалық полиция бұл марафон тек спорттық бәсеке емес, рухани тұтастық пен ортақ мақсат жолындағы ынтымақтастықты айқындайтын ерекше оқиға болғанын атап өтті. Осындай шаралар қызметкерлер арасындағы сенімді нығайтып, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуде бірліктің рөлін айқын көрсетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Түркістанда республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті
Келесі жаңалық
Астанадағы саябақта 100 студент ағаш отырғызды