Шымкент медресесінде ұстазы балаларды ұрып-соққан
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
15.06.2023 17:41
1161
Желіде Шымкент қаласының медресесінде ұстаздар кәмелетке толмаған балаларды «хадис» білмегені үшін ұрып-соққаны жайлы видео тарады. Балалардың денесі көгерген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті азаматтар, тиісті мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері медресеге алып барып, оларды ұрған. «Хадистерді» білмеген үшін оларды ұрған, - дейді видеодағы азамат.
Видеодағы екі бала 9 және 7 жаста. Олар Шымкенттегі медресе үйде орналасқанын айтады.
Үйде дін сабақтарын береді. Ұстаздың аты – Рүстем, - дейді олар.
Екі баланың арқасы тілінген, гематомалары бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты