«Шымкент-Астана» пойызында сәби дүниеге келді
Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
22.10.2024 10:06
478
Жолаушы күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анар Адамбаева жолаушының аман-есен босануына көмектесті. Сары-Шаған стансасына жеткенде жедел жәрдем шақырылып, жас ана мен жаңа туған нәресте дәрігерлердің қарауына тапсырылды.
21 қазанда сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді.
Соңғы үш жыл ішінде жолаушы тасымалы компаниясының пойыздарында 14 сәби дүниеге келген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға