Жаңалықтар

Шымкент әкімінің орынбасары ұсталды

Шымкент әкімінің орынбасары ұсталды
Фото: instagram.com/isakhov_maksut 20.07.2023 12:05 13581

БАҚ өкілдері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстағаны туралы ақпарат таратуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала болжам бойынша, ол 200 мың доллар көлемінде пара алған деген күдікке ілінді.

Көп ұзамай бұл ақпаратты ҰҚК-нің өзі де растады. 

2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховты ұстады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды, - делінген ресми мәліметте.

Исахов Шымкент әкімі орынбасары қызметін 2020 жылғы ақпан айынан бері атқарып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға