Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке әкімшілік ғимаратының алдында белгісіз біреулер қарудан оқ атып, ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Михаил КозачковTelegram арнасында жазба жариялады.
Қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті. Ол жарақат алып, қазір ауруханада жатыр.
Оқ атқан адам ұсталды, - деп жазды ол.
Кейбір нақтыланбаған мәліметтер бойынша оқыс оқиға бүгін кешкі сағат 20:30-да Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында болған. 1994 жылы туған азамат "Сайга-12" маркалы қаруынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің аяқ-қолының төменгі бөлігіне қарай үш рет оқ атқан. Жарақат алған Руслан Берденов ауруханаға жеткізілді. Алдын ала диагноз – "оң жамбас және иық тұсынан оқ жарақаты".
