Жаңалықтар

Шымкент әкімі орташа жалақының мөлшерін айтты

Шымкент әкімі орташа жалақының мөлшерін айтты
Фото: © ОКҚ 22.11.2024 15:49 466

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков орташа жалақының көлемі туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласы жалақысы төмен өңірлердің қатарына жатады. Осы ретте өңірдегі жалақыны арттыру үшін жүйелі шара қабылдап, жұмыс істеп жатырмыз. Еңбекақысы төмен 15 мыңға жуық қызметкердің жалақысын қосымша 50 мың теңгеге көтердік. Ол үшін жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық бюджет қызметкерінің жалақысы 140 мың теңгеден асты. Қазір қаладағы орташа жалақы 12,5%-ға өсіп, 304 мың теңгеге жетті, - дейді Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетейік, қала әкімі «Ордабасы» клубының алдағы жылғы бюджеті туралы сұраққа жауап берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға