Жаңалықтар

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді
Фото: gov.kz 27.03.2023 13:42 2041

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты  әлемдегі түнгі ең биік тау шаңғысы курорты ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Guinness World Records офисінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи «Шымбұлақтың» бас директоры Ринат Абдрахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификат табыс етті. Сертификат табыстау рәсіміне Спорт және мәдениет министрі Асхат Оралов қатысты.

«Шымбұлақ жыл сайын миллиондаған қонақ келетін еліміздің басты туристік бағыттарының бірі. Бұл жердің біз барлық жағынан дамытқымыз келетін үлкен әлеуеті бар. Жаңадан тіркелген рекорд мәртебесі тау шаңғысы курортын әлемде теңдесі жоқ бірегей орынға айналдыратынына сенімдімін. Алматы тұрғындары мен қазақстандықтарды осы жетістікпен құттықтаймын. Біздің елде көптеген тамаша орындар бар. Сол себепті мен алдағы уақытта жаңа рекордтардың куәсі болатынымызға сенемін»,- деді министр.

Айта кетейік, сертификат тапсыру рәсімі және рекорд нәтижесін ресми тіркеу шарасы теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте «Талғар асуы» станциясында өтті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға