Жаңалықтар

Шымбұлақ маңында қар көшкінінен бір адам көз жұмды

Шымбұлақ маңында қар көшкінінен бір адам көз жұмды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 17.03.2025 17:09 392

Шымбұлақта қар көшкінінен бір адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, қар көшкіні Комсомол шыңында - 3160 метр биіктікте болған.

Шымбұлақ курортынан бір шақырым жердегі Нунатак көліндегі тыйым салынған жерде үш адам сырғанап жүрген. Шаңғымен төмен сырғанау кезінде олар көлбеуді кесіп өтіп, қардың түсуіне себеп болды. Нәтижесінде үшеуі де үйінді астында қалды, - делінген мәліметте.

Екі жәбірленуші өз бетінше шыға алған, үшіншісін «Шымбұлақ» құтқарушылары қар астынан алып шықты. Қайтыс болған әйелдің 1990 жылы туған Ресей азаматы екені анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға