Жаңалықтар

Шымбергенов, Оралбай және Қоңқабаев Шымкенттегі турнирге қатыспайды

Шымбергенов, Оралбай және Қоңқабаев Шымкенттегі турнирге қатыспайды
Фото: ҰОК 20.09.2024 12:51 105

Бокстан Қазақстан командасының кейбір мүшелері Шымкенттегі халықаралық турнирге қатыспайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Атап айтар болсақ, Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) Қарақозы Әбдәлиевті  еске алуға  арналған турнирден сырт қалады. 

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми өкілі Рауан Игенев мәлімдеді. 

Асланбек Шымбергенов осы жаттығу жиынына денсаулығына байланысты қатыса алмады. Сондықтан, Әбдәлиев турниріне де үлгермейтін шығар. Қазақстан біріншілігіне қарай дайын болады деген ойымыз  бар.  Ол мансабына қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Сол себепті, Шымбергенов ұлттық құрамада қалатынын айтқым келеді.  Сондай-ақ, Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) да бұл турнирден сырт қалады.  71 келіде кәсіби бокстағы өкіліміз Абылайхан Жүсіпов құрамаға қайта оралды. Спортшымыз  бұл турнирге қарқынды дайындалуда. Жақында команда капитаны болып сайланған Айбек Оралбай аса ауыр салмаққа  ауысты. Айбекті осы салмаққа бейімдей берсек деген ойымыз бар. Махмұд  Сабырхан 54 келіде, Сәкен Бибосынов 51 келіде жұдырықтасады. Әлем чемпионатынан кейін көп жарыстан сырт қалған Санжар Тәшкенбай да сапта. Қазақстан командасының  төртінші құрамына дейін бұл жарыста бақ  сынайды. Алғашқы екі орын иеленгендер әрі қарай жаттығу жиындарына қатысып, содан соң Азия біріншілігіне баратын құрамды жасақтаймыз. Бізге Азия чемпионатына қатысқан соң, тек жеңіске жету керек», - деді Игенев. 

Айта кетелік, үш спортшы да Париж Олимпиадасында бақ сынаған болатын. Олардың қатарынан тек Нұрбек Оралбай ғана күміс медальмен оралды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға