Жаңалықтар

Шығыстағы шалғай ауылда жаңа амбулатория ашылды

Медициналық мекемеде 5 төсектік күндізгі стационар да бар
Шығыстағы шалғай ауылда жаңа амбулатория ашылды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 09.02.2023 00:34 1590

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалжыр ауылында жаңа амбулатория ашылды, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа мекеме 5 төсектік күндізгі стационармен бір ауысымда 20 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ретінде қолданысқа берілді.

Қалжыр ауылдық округінде 1 374 адам тұрады. Аудан орталығынан ауыл 200 шақырымға жуық жерде орналасқан. Мұнда жергілікті тұрғындарды да, жақын маңдағы елді мекендерден - Жаңаауыл, Қазақстан, Тақыр ауылдарынан да адамдарды қабылдайтын болады.

Жаңа амбулатория барлық заманауи медициналық талаптарға жауап береді.

Ауылдық амбулатория заманауи жабдықтармен жабдықталған, ғимарат жылытуға қосылған, су құбыры мен кәріз жүйесі тартылған.

Бұл әлеуметтік мәні бар маңызды объекті. Дәрігерлік амбулаторияның ашылуы көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейтуге, әсіресе шалғайдағы Қалжыр ауылында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, - дейді Күршім аудандық ауруханасының бас дәрігері Ләйлім Шоқаева.

Шығыстағы шалғай ауылда жаңа амбулатория ашылды

Жарық, жайлы үй-жайда барлық қажетті кабинеттер: терапиялық, педиатриялық, егу, ем-шаралар, акушерлік кабинет, дені сау баланың бөлмесі және басқа да кабинеттер бар.

Біз дәрігерлік амбулаторияның ашылуын асыға күттік, енді аудан орталығына барудың қажеті жоқ, - дейді жергілікті тұрғын Қанша Әубәкірова.

2023 жылы Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде, Зайсан ауданының Зайсан қаласында емханалар, Ахмирово ауылында дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Жалпы, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасының шеңберінде өңірде ауылдық жерлерде 36 жаңа медициналық объекті, оның ішінде 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушерлік пункт және 27 медициналық пункт ашу жоспарлануда.

Жоба «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға