Жаңалықтар

Шығыста 13 ауылды сел басуы мүмкін

Шығыста 13 ауылды сел басуы мүмкін
Фото: © Pixabay.com 07.08.2023 12:12 1055

Шығыста 13 ауылды сел басуы мүмкін.Су басу қаупі Катонқарағай, Зайсан, Алтай аудандарында және Риддер қаласында байқалады, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған аудандар аумағындағы тау басында 13 ауылға қауіп төндіретін 144 мұздақ көл бар. Бұдан бөлек, аймақтағы 9 сырғыма жүру учаскесі тиісті мамандар бақылауында.

Негізінен, автомобиль жолдары маңындағы тау етегі, Риддер қаласына қарасты Уба, Громотуха, Алтай ауданындағы Бұқтырма, Хамир, Черновая, Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма және Зайсандағы Кендірлік өзен бассейні қауіпті, - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен.

Өскемен мен Катонқарағай екі ортасында күнделікті қатынайтын Дамир Сейтқановтың сөзінше, қалың жаңбырдан соң Тереңсай асуы маңынан аққан сел тасжолды шайып кетіп жатады. Тау етегіндегі бірнеше ауылға да қауіп төндіретін көрінеді.

Бұл ретте құтқарушылар сел жүруін ескертіп, тыйым салатын белгілер орнатып, жергілікті тұрғындарға, үйі апатты жерде орналасқандарға, әкімдіктерге 92 нұсқаулық таратқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға