Жаңалықтар

Шығысқазақстандық жастар экологияға қатысты пікірталас өткізді

Шығысқазақстандық жастар экологияға қатысты пікірталас өткізді
Фото: ШҚО әкімдігі 03.03.2025 16:44 222

Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жастарды экологиялық бастамаларға тартуға арналған интерактивті пікірталас өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, экологиялық ұйымдар және сарапшылар қауымдастығы қатысты. Басты спикерлердің бірі – «Өскемен тынысы» Экологиялық қорғаныс бюросының жобалық кеңсесінің жетекшісі Елена Березинская-Абилова жастарды өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге белсенді қатыстыру бойынша өз тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөлісті.

Шығысқазақстандық жастар экологияға қатысты пікірталас өткізді

Пікірталасқа ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов, Виталий Чернецкий – «ECOJER» өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы, «Өскемен тынысы» бюросының мүшесі, Вадим Кушнарев – «ECOJER» филиалының экологы, «Өскемен тынысы» бюросының мүшесі қатысты.

Пікірталас барысында Шығыс Қазақстан облысының экологиясына қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, жастардың тұрақты экологиялық тәжірибелерді дамытудағы рөлі және оларды табиғатты қорғау бастамаларына белсенді тарту шаралары талқыланды.

Шығысқазақстандық жастар экологияға қатысты пікірталас өткізді

Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға