Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай тауларында өрт болып жатыр
![Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай тауларында өрт болып жатыр Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай тауларында өрт болып жатыр](/storage/storage/element/2023/07/20/mainphoto/60414/1200xauto_hr4ZRW89kgYBYWza5seLjXqdJ3ntAQfaqVHAZoKr.jpg)
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
20.07.2023 18:29
782
Шығыс Қазақстанда Қатонқарағай ауданының тауларындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
1700 м-ден астам биіктікте шамамен 3 гектар аумақта жартастардағы жекелеген ағаштарды өрт шарпыды.
Қорғаныс министрлігінің Ми-171 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-2 тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 19 рет су рет көлемі 50 тоннаға жуық су төкті, - делінген министрліктің мәліметінде.
Қазіргі таңда 155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы органдар, 13 бірлік техника және 3 тікұшақ сөндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау облысы жасөспірімдер жүктілігі бойынша көш басында тұр