Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген Моңғолия азаматтары елден шығарылды

Шығыс Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген Моңғолия азаматтары елден шығарылды
Фото: © Polisia.kz 24.08.2023 03:30 911

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген Моңғолияның 3 азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары «Учаске» жедел алдын алу шарасы барысында заңсыз еңбек мигранттарын анықтады.

Моңғолияның 3 азаматы өңірге мамыр айында келген. Уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат құжаттарын алмаған олар Ұлан ауданында түрлі жұмыс істеп жүрді. Аудандық соттың шешімімен шетелдіктер Қазақстан Республикасынан шығарылды. Енді оларға 5 жыл көлемінде ел аумағына кіруге тыйым салынды. Осы ретте, тұрғындарға халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғандарды қабылдағандар да әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз, - делінген ақпаратта.

Жалпы шара барысында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 50-ден астам шетелдікті жауапқа тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға