Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда заңсыз қару тәркіленді

Шығыс Қазақстанда заңсыз қару тәркіленді
Фото: El.kz/Арман Мухатов 29.10.2023 05:27 680

Ұлан ауданының полицейлері профилактикалық шараның барысында қаруды заңсыз сақтап келген тұрғынды анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары 49 жастағы тұрғыннан бірнеше қару тәркіледі. Дәлірек айтқанда, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, “ТОЗ-8” маркалы 5,6 мм калибрлі мылтық және 40-тан астам түрлі патрон тәркіленген.

ШҚО ПД дерегіне сүйенсек, ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаруды сақтау жағдайы анықталып жатыр, тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақтаған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауаптан босатылатынын ескертеді, – деп жазылған ПД хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға