Шығыс Қазақстанда шетелдік азамат зейнеткерді тонап кетті
Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Фото: ult.kz
Фото: ult.kz
02.11.2022 21:13
1189
Қазан айының соңында Жарма ауданының Қалбатау ауылының 73 жастағы тұрғыны полицияға хабарласқан, деп хабарлайды El.kz
Зейнеткердің айтуынша, белгісіз әйел үйдің ауласында оның қолынан 500 мың теңге тұратын алтын сырғаларын ашық түрде ұрлап кеткен.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер шабуыл жасаған адамды анықтады. Ол 27 жастағы Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Ол жауап алу кезінде кінәсін мойындады», - деп хабарлады полицейлер.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
IT саласындағы қызметкерлер сертификациядан өтуі тиіс
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті