Шығыс Қазақстанда қар көшкініне байланысты жол жабылды
Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
03.02.2023 21:23
1299
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың біріне қар көшкіні түсуі ықтимал.
«Облыстық маңызы бар «Өскемен-Самар» трассасының (Жоғарғы Тайынты мен Самар ауылдарының аралығы) учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Тауға шығатындар үшін мобильді қосымша іске қосылады
Келесі жаңалық
Елордада кальян ұсынған мекемелерге айыппұл салынды