Шығыс Қазақстанда көшкін қаупі бар 325 учаске бар
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Вице-министрі Марат Күлдіков Шығыс Қазақстан облысында халықпен кездесу және азаматтарды қабылдау өткізді. Іс-шараға қала кәсіпкерлері, еріктілер, азаматтық қорғау ардагерлері, жұртшылық пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz
Кездесуде өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы түрлі өзекті мәселелер талқыланды. Вице-министр халықты қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Марат Күлдіков министрліктің 2022 жылдың өткен кезеңіндегі қызметі және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқыны қаупін азайту, өрттердің профилактикасы, авариялар мен төтенше жағдайлардың алдын алу, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілердегі іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің дамуы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
«Республика бойынша тұрақты негізде іс-шаралар кешені жүргізілуде, бұл су тасқыны, сел және жер сілкінісі қаупін азайту, өрттердің профилактикасы, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету. Нәтижесінде 10 ай ішінде өңірде ТЖ кезінде қаза тапқандар саны 28,9% - ға азайды. Бұл ретте 1 100-ден астам төтенше жағдай тіркелді. Департамент бөлімшелері 6 мыңнан астам шығуды жүзеге асырды, мыңнан астам азамат 1 052 адам құтқарылды және эвакуацияланды», - деп ТЖ вице-министрі атап өтті.
Бұдан кейін Марат Күлдіков азаматтарды жеке қабылдау және БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.
Жұмыс сапары барысында вице-министр Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми кітапханасына барды. Өңірдің құтқарушылары су тасқыны жағдайын болжау және көшкін қауіптілігінің автоматтандырылған жүйелерін енгізу саласында кітапхана қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста.
«Қазселденқорғау» филиалында Марат Күлдіков қысқы және көшкін қаупі бар кезеңдер бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстармен танысты. «Облыста көшкін қаупі бар 325 учаске бар. Осыған байланысты мұқият бақылауды жалғастыруды, жер үсті және аэровизуалды тексерулер жүргізуді тапсырамын. Қар массасының түсу қаупі төнген кезде профилактикалық түсірулерді жедел ұйымдастыру қажет», - деп Марат Күлдіков атап өтті.
Ол сондай-ақ №8 көшпелі өрт сөндіру бекеттерінің бірінің базасында жеке құраммен кездесті. Министрліктің жалақыны көтеру және өрт сөндірушілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.
Марат Күлдіков жаңа өрт сөндіру депосының құрылысына бөлінген жер учаскесінде болды. Ол облыс орталығының қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірінде орналасқан, онда жыл сайын көптеген тұрғын үй қоры мен объектілер, оның ішінде көпқабатты нысандар салынады, сондықтан депо қажетті жабдықтармен және техникамен жарақтандырылып, 34 мыңға жуық азаматтың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін болады.
Вице-министрдің жұмыс сапары Өскеменде тұрғызылған Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихын бейнелейтін Тәуелсіздік монументіне барумен аяқталды.