Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда 7 мың шаршы метр мұз қабаты жарылды

Шығыс Қазақстанда 7 мың шаршы метр мұз қабаты жарылды
Фото: ТЖМ 24.03.2025 18:03 407

Бүгін су тасқынының алдын алу шаралары Катонқарағай ауданына қарасты Бухтарма өзенінде, Барлық ауылының маңында жүргізілді. Жалпы, 7866 шаршы метр мұз қабаты жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұз ең қалың жерлерде, сондай-ақ өзеннің жіңішке немесе бағытын өзгертуі мүмкін учаскелерінде жарылады. Құтқарушылар мамандардың мұз үстінде қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде.

Өңірде бұл жұмыстар наурыз айының басынан бастап жүргізіліп келеді. Жалпы, облыс аумағындағы өзендерде 146 726 ш.м. мұз қабаты жарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға