ШҚО әкімдігінің МИ-8 әуе бөлімшесінің тікұшағымен қар құрсауынан тағы 32 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағымен 12 адам эвакуацияланды. Жолаушылар автобусынан Вахта автокөлігіне дейін өтімділігі жоғары техниканың көмегімен 30 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Сонымен қатар, зардап шеккен 4 адам туралы ақпарат бар. Үсік дәрежесі белгіленуде.
Эвакуацияланғандар Қалбатау ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
ШҚО бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігері Ержан Сабралимов фельдшер Ержан Шакеновпен бірге ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен Қалбатау мен Көпекті арасында Омбы-Майқапшағай тас жолындағы автоколоннадан тұрып қалған адамдарды қар құрсауынан шығарады. Мұқтаж жандарға алғашқы медициналық көмек көрсете отырып, Қалбатау мен Көкпектіге тікұшақпен эвакуациялауда.
