Шығыс Қазақстан өңірінде қар көшуіне байланысты тасжол жабылды, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Қар көшу қаупіне байланысты көліктің барлық түрі үшін «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов» тасжолының Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі аралығында қозғалыс шектелді, - делінген компания таратқан хабарламада.
Сонымен қатар боран мен жол бойындағы көрінудің төмендеуіне байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолына да шектеу қойылды. Оның екі бөлігінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Абай өңірі бойынша Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін және ШҚО бойынша Абай өңірінің шекарасынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралықтар жабық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавлда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды
Келесі жаңалық
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды