Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
08.03.2025 11:06
449
Қазақстандық сейсмологтар Шығыс Қазақстан облысыаумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«8 наурыз күні Астана уақытымен 08:29-да Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері Зайсан қаласынан 48 шақырым қашықтықта, таулы аймақта болды. Жер сілкінісінің қарқындылығы Зайсан маңында 2 баллды құрады», — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Тарихта із қалдырған қазақ қыздары