Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында тұңғыш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті

Шығыс Қазақстан облысында тұңғыш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті
Фото: «AMANAT» партиясы 09.11.2024 02:37 407

«AMANAT» партиясының бастамасымен Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында ауыл әкімдерінің басын біріктірген форум өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиынға «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, облыс әкімі Ермек Көшербаев, аудандар мен қала әкімдері, басқарма басшылары мен барлық деңгейдегі мәслихат төрағалары және 109 ауылдық окургтің әкімдері қатысты.🗣

Облыста алғаш рет ұйымдастырылған ауыл әкімдері форумының пленарлық отырысында аймақ елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретін мәселелері, сондай-ақ «AMANAT» партиясының алда тұрған негізгі мақсат-міндеттері талқыланып, ауыл әкімдерінің атқарар жұмыстары сараланады.

Ауыл әкімдерінің форумы қазіргі уақытта еліміздің барлық аймақтарында өтуде. Форумды ұйымдастырудағы басты мақсат – ауыл әкімдерінің жергілікті жерде халықпен қалай жұмыс жасау керектігіне бағыт-бағдар беру, жан–жақты әдістемелік қолдау көрсету. Себебі ауыл әкімдері сол жердегі Президенттің тікелей өкілі деуге болады. Халық ауыл әкімінің жұмысы арқылы Үкіметтің жұмысына баға береді. Біздің партиядан сайланған әр әкімнің сапалы жұмыс жасауына барынша қолдау көрсету бізге міндет. Ауыл әкімдерін бірлесе белсенді жұмыс жасауға шақырамын. Бүгінгі Форумда секциялық сесссияларда ауыл әкімдері өздерінің ұсыныстары мен өтініштерін айтып, өзекті сұрақтарды ортаға салуға мүмкіндік алды. Ауқымды іс-шараның нәтижесі ауыл әкімдерінің қажырлы қызметіне жаңа серпін береді деп ойлаймын, - деді «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы мәлімдеген болатын. Осы орайда, өңірде 2021 жылдан бері 124 ауылдық округ пен 2 ауданда әкімдердің сайлауы өтті. Халық таңдаған әкімдердің 114-і «AMANAT» партиясының мүшелері. Олардың қатарында Алтай және Глубокое аудандарының әкімдері де тікелей халық сайлауы арқылы тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға