Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында алдағы 4 күнде қар көшкіні жүруі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында алдағы 4 күнде қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: © Pixabay.com 30.12.2023 08:25 998

ШҚО-дағы таулы жерлерде қар көшкіні жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға