Жаңалықтар

Шығыстағы талай этностың арғы тегі өзгеріске ұшыраған деген көзқарас бар

Тек қана географиялық тұйықталу, Орта Шығыс пен Орта Азиялық өркениеттік ана тұлғамызбен мəдени мұрагерліктің үзілуі жəне мəдени астамдық көңіл күй біздің ұлттық һəм өркениеттік əуелгі тұқиянымызды біртіндеп ұмыттырған.
15.10.2014 11:08 3704

Түріктер түгіл, шығыстағы тағы талай этностың да арғы тегі қара, сосын ағарған, артынан сарғайған деген көзқарас бар. ҚХР Шандұң мұражайының археологтары мен Қытай ертедегі биомолекула-генетика институты бірқыдыру DNA-лық зерттеулер арқылы ружя ілімін жаратқан ғұлама Кұң Фузы мен оның замандастарының нəсілдік ерекшелік жағынан айқын түрде еуропеоид (ақ) нəсілді екенін дəлелдеп шықтық десіп отыр. Демек, бұған сенсек, жаңа тас дəуірінен Чұнчю кезеңіне (Қытай тарихындағы б. з. б. 722-481 жж) шейін Шандұң өңіріндегілер де ақ нəсілділігін сақтаған.

http://www.gznf.net/forum/ сайтындағы мына сөздер бізді бұған тіпті сендіре түсуге тырысады: “Хуашя  өркениетін алғаш жаратқан - үнді- еуропа тілді ариандар (арийлер). Бүгінгі Қытай регионындағы нəсілдің бір бөлігі - сол үнді-еуропа тілді, еуропеоид ариандар, яғни Хуашя ұлты. Тек қана географиялық тұйықталу, Орта Шығыс пен Орта Азиялық өркениеттік ана тұлғамызбен мəдени мұрагерліктің үзілуі жəне мəдени астамдық көңіл күй біздің ұлттық һəм өркениеттік əуелгі тұқиянымызды біртіндеп ұмыттырған. Қытай жылнамаларында Батыс рұң (Нұм), Солтүстік ди (тиек), Оңтүстік мəн (Нəнман, Найман), Шығыс и(дұң-и) деп жазылған төңеректегі елдердің бəрі де көп санды еуропеоид нəсілділерді қамтыған болатын. Бұлар Шаң ( Жоу ) сықылды Қытайдағы алғашқы өркениеттің нəсілдік қайнарлары. Шандұңда өмір сүрген Шығыс илер Кавказ нəсілділер еді. Одан өрбіген Шаң - əрине кавказ нəсілділердің ұлысы. Бұл археологиялық қазба жұмыстары мен зерттеулер арқылы дəлелденіп отыр. Ал Кұң Фузы - сол шаңдықтардың ұрпағы. Ғұндар батысқа ауудан бұрын бүкіл Еуразия құрлығында (Еуропа, Орта Азия, Иран, Ганг өзені маңы, Шынжаң, Алтай регионы ғана емес, бүгінгі Гансу, Шан- ши өлкелерінен Ордосқа шейінгі өңірдің бəрінде) Еуропеоид нəсіліндегі, үнді-еуропа (Ариан, арий)тіл жүйесіндегі кең мағыналы ариандар өмір сүрді. Бұл толып жатқан археологиялық табыстар арқылы дəлелденіп отыр. Сычуан мен Шандұңда да үнді-еуропа тіл жүйесінде сөйлейтін ариандар болған. Бұл мөлшермен б.з.б. 4300 жылдарға шамалас келеді. Ал ол кезде Қытай аймағының алғашқы өркениеті əлі шыға қоймаған. Еуропеоид нəсілді үнді-еуропа (арий) тіл жүйесімен сөйлесетін бұлар (алғашқы тохар тілділер мен шығыс иран тілділер де соның ішінде) Орта Шығыс пен Батыс Азияның озық техникаларын, бидайы мен арпаларын, жылқы мен сиыр өсіруін, дөңгелек пен қос доңғалақты соғыс арбаларын, қола мен темір қорыту өнерлерін ала келді. Орта Шығыстың сына жазуының əсерінде алғашқы сауыт-сүйек жазуы  дамыды. Сөйтіп олар Қытай регионының алғашқы Шаң, Жоу өркениеттерін жаратты... Чу мен мяулардың тұқияны Нанман үнді-еуропа тілділердің ықпалына қатты ұшырған, тіпті олардың ішінде үнді-еуропа тілділер болуы да мүмкін. Чулар менариандардың миф жүйелері қатты ұқсайды”. “Шандұңдықтар беріде - Суй, Таң əулеттері заманына келгенде еуропеоидтар мен моңғолоидтар араласпасына, яғни бүгінгі ШҰАР мен Орта Азиядағылар сияқты ақ пен сарының метистеріне өзгере бастап, Миңмен Чиң əулеттері (соңғы ғасырлар - С.Ж.) кезіне келгенде ғана мүлде моңғолоидтық нəсілге өзгерген”.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға