Жаңалықтар

Шығысқазақстандықтар Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді орындауға әзір

Шығысқазақстандықтар Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді орындауға әзір
02.12.2015 04:52 3842

ШҚО-да мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, халық қалаулылары, ұстаздар, әлеуметтік сала қызметкерлері, зейнеткерлер мен студенттер Президент Жолдауын ден қойып тыңдады. Себебі әрбір азамат үшін әлемдік дағдарыс жағдайында елдің болашақ стратегиясымен танысу аса маңызды жаңалықтардың бірі.

Шығысқазақстандықтар Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді орындауға әзір

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, әлемдік дағдарыс жағдайында мемлекет пен халық бірлесе жұмыс жасауы қажет. Соның ішінде Мемлекет басшысы әсіресе жастарға үлкен үміт артып отыр. 2017 жылдан бастап техникалық, кәсіптік салада жас мамандарды тегін оқыту ел дамуының бір тетігі болып табылады, – деді  Өскемен қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлаухан Аухадиев.

«Азия Авто» АҚ учаскелік шебері Айдос Жанғазиннің айтуынша, Елбасы өзінің биылғы Жолдауында халықты еңбек етуге шақырып, осы салаға көптеп ден қойған.

Шығысқазақстандықтар Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді орындауға әзір

– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, Президентіміз Жолдауында мемлекет пен халық еңбек етуде бірлесуі қажет. Себебі тек еліміздің әр азаматы аянбай еңбек еткен жағдайда ғана, көздеген мақсаттарымызға жете аламыз деген ойдамын, – деді Айдос Жанғазин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға