Жаңалықтар

ШЫҰ миссиясы референдумды ашық әрі әділ өткенін мәлімдеді

Фото: Baq.kz
ШЫҰ миссиясы референдумды ашық әрі әділ өткенін мәлімдеді
06.06.2022 10:10 1870

Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин халықаралық байқаушылардың ақпараттық орталығында өткен шетелдік байқаушылардың брифингінде айтты, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.




ШЫҰ миссиясы референдумды ашық әрі әділ өткенін мәлімдеді

Маусымның 3-і мен 5-і аралығында ШЫҰ миссиясы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен референдумда байқау миссиясын жүргізді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясы 17 мүшеден тұрады. Оған мүше елдердің атқарушы және заңнамалық органдардың өкілдері, ШЫҰ лауазымды тұлғалары кіреді. Мен бас хатшы ретінде миссияны басқарамын, - деді Чжан Мин.

ШЫҰ миссиясы референдумды ашық әрі әділ өткенін мәлімдеді

Оның айтуынша, миссия мүшелері Орталық референдум комиссияларының құрамымен жұмыс істеді.

ШЫҰ миссиясы референдумды ашық әрі әділ өткенін мәлімдеді

Халықаралық ұйымдар мен шетелдік байқаушылармен бірлесе жұмыс істеп, ОРК-ның референдумға дайындығы мен өткізуі туралы жұмысын бақылады. Сондай-ақ елордадағы дауыс беру процесін көрді. Миссия Орталық референдум комиссиясы мен қоғамдық ұйымдардың тәжірибелік материалдары негізінде ортақ шешімге келді. Миссия Қазақстан тарапы өзінің талаптарын толық орындады деп есептейді. Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум халықаралық стандарттар мен Қазақстанның сайлау  заңнамасына сай өтті. Референдум барысында ешқандай заң бұзу анықталмады. Миссия Қазақстандағы референдумды ашық әрі әділ, демократиялы түрде өтті деп есептейді. Осы орайда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне ШЫҰ миссиясының байқаушы ретінде жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасағаны үшін алғыс айтқым келеді, - деді Чжан Мин. 

ШЫҰ миссиясы референдумды ашық әрі әділ өткенін мәлімдеді

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 06:00-де Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттавада дауыс беруге арналған учаскелер жабылды, осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум аяқталды. Сыртқы істер министрлігінің деректері бойынша шетелдегі 65 сайлау учаскесінде дауыс беру 72,95%.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға