Жаңалықтар

Швейцария Қазақстанға озық еуропалық технологияларды тартуға жәрдемдесуде

Швейцария Қазақстанға озық еуропалық технологияларды тартуға жәрдемдесуде
Фото: Сыртқы істер министрлігі 18.05.2024 17:38 628

Еліміздің Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов қазақстандық «Rail Go» компаниясы мен неміс «WAGNER Rail» арасындағы Қазақстанда шығарылатын «Stadler Rail» швейцариялық жолаушылар вагондарын өртке қарсы қорғаныспен жабдықтау жөніндегі келісімшартқа қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Темір жолы» ҰК швейцариялық «Stadler Rail» теміржол жылжымалы құрамының өндірушісімен бірлесіп Қазақстанда жаңа жолаушылар вагондарын құрастыру жобасын іске асыруда.

Қазақ дипломат тараптарды шартқа қол қоюмен құттықтап, қазақстандық нарыққа жаңа еуропалық әріптестерді тартудың маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстанның көлік және логистика саласындағы өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуын күшейтуде. Сондай-ақ еліміздегі вагон паркінің техникалық жағдайын жақсартуда, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруда Қазақстан мен Швейцарияның бірлескен жобасының стратегиялық маңыздылығына ерекше назар аударды.

Еске салсақ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК мен «Stadler Rail AG» компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге 2021 жылғы 29 қарашада ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға ресми сапары барысында қол қойылған болатын. Ал 2022 жылдың желтоқсанында ҚТЖ мен Stadler Rail жалпы 537 вагон жеткізуге, оларға 20 жыл бойы қызмет көрсетуге және өндірісті оқшаулауға арналған ұзақ мерзімді шарттарға қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға