Швецияда атыс болып, үш адам ажал құшты

Швецияның Уппсала қаласында (Стокгольмнен шамамен 70 шақырым қашықтықта) атыс болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция атыс салдарынан үш адамның қаза тапқаны растады. Оқиға кісі өлтіру дерегі ретінде тергеліп жатыр.Күдікті қылмыс орнынан электросамокатпен қашып кеткен. Қаза болғандардың тұлғалары анықталу үстінде.
Аталған оқиға 29 сәуір күні кешкі сағат 22:10 шамасында орын алған. Expressen газетінің мәліметінше, атыс Уппсала қаласының орталығында, дәлірек айтқанда шаштараз салонында болған.
Куәгерлердің айтуынша, кемінде үш рет оқ атылғанын естіген. Қазіргі уақытта Швеция полициясы кең көлемді арнайы операция жүргізуде, оған тікұшақтар мен қызметтік иттер қатыстырылған. Атысқа байланысты поезд қозғалысы уақытша тоқтатылған.
Құқық қорғау органдары күдіктінің кім екенін анықтауға тырысып жатыр. Қылмыскердің электросамокатпен жасырынғаны белгілі болған. Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр.
