Шуда жолға қоқыс лақтырған тұрғын жазаланды

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
28.02.2023 11:56
885
Бейнебақылау камералары арқылы мониторинг жүргізу барысында қоқысты белгіленбеген орынға қалдырған тұрғын анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тұрғын өз кінәсін мойындап, құқық бұзушылықтың салдарын жойды.
ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұл бапқа сәйкес, жеке тұлғаларға – 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғатын жаза көзделген.
Бөлісу:
