Шуда есірткі дайындаған 51 жастағы шопан ұсталды

Шу ауданында 51 жастағы малшы есірткі дайындау кезінде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы “Қарасора – 2023″ жеделалдын алу іс-шарасын жүргізу барысында 57 келі 140 грамм кептірілген марихуана, 4 келі 820 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды.
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
