Жаңалықтар

«Шубасыз-ақ өмір сүруге болады». Жазира Байырбекова неліктен аңның терісінен жасалған киім кимейтінін айтты

«Шубасыз-ақ өмір сүруге болады». Жазира Байырбекова неліктен аңның терісінен жасалған киім кимейтінін айтты
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova 03.10.2023 12:05 2038

Әнші Жазира Байырбекова «Ұйқым келмейді» бағдарламасында аңның терісінен жасалған киімдерді мүлде кимейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кейбір құрбыларым «сен неге өйтесің? Қандай жерлерде өнер көрсетесің? Шубасыз баруға ұялмайсың ба?» деп айтады. Мен «қалауым сол болды» дедім. Біріншіден, жануарды тірідей терісін сыпырып жасайтын болғандықтан, кимеймін. Екіншіден, қарапайым халықтың арасында қолы шубаға жетпейтін, сол киім үшін келіспей қалып жататын отбасылар көп. Тіпті шуба үшін ажырасып кеткен ерлі-зайыптылар да бар екен, - деді әнші.

Оқи отырыңыз:

Әнші құндыз тоннан бас тартқаннан кейін басқа да адамдардың оның бұл шешімін қолдағанын айтады.

Бір жағынан осылай шубасыз-ақ өмір сүруге болатынын кем дегенде 10 адамға көрсеткім келді. Бірақ одан да көп адам маған әлеуметтік желіде «мен де шуба кимеймін» деп жазды, - деді Жазира Байырбекова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға