Жаңалықтар

Шу тұрғынынан 38 келіден астам есірткі тәркіленді

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді
Шу тұрғынынан 38 келіден астам есірткі тәркіленді
Фото: polisia.kz 07.10.2022 14:32 2047

Шу тұрғынынан 38 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және 5513 әскери бөлімінің арнайы бөлімше әскери қызметшілері «Қарасора-2022» жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында бірлесіп, есірткі заттарын заңсыз сақтаған адамға қатысты жедел ақпаратты іске асырды. 

Шу ауданының аумағындағы «Шу-Меркі» тас жолынан 20 шақырым жердегі құмға жақын маңдағы аймақта Шу ауылының 50 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 38 келіден асатын «каннабис өсімдігі» есірткісі табылып, тәркіленді.

 – Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторынақамаққа алынды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бапбойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімгебас бостандығынан айыру түріндегі жазақарастырылады, – деп хабарладыоблыстық ПДЕсірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға