Жаңалықтар

ШҚО тұрғыны террористер 15 адамды кепілге ұстап отырғанын хабарлаған

ШҚО тұрғыны террористер 15 адамды кепілге ұстап отырғанын хабарлаған
Фото: © Polisia.kz 05.01.2024 11:40 1725

ШҚО тұрғыны кепілге алынған 15 адам туралы орынсыз әзілі үшін жазаланады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

4 қаңтарда полицияға әйел қоңырау шалып, Өскемен автовокзалында террористер 15 адамды кепілге алғанын хабарлады.

Полиция дереу оқиға орнына барды. Тексеруден кейін ақпараттың жалған екені анықталды. Орынсыз әзілдескен қаланың 59 жастағы мас тұрғыны болып шықты.

Мамандандырылған қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін әйелге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарларды ескере отырып, мұндай құқық бұзушылықтар үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама" бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеміз оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға