Жаңалықтар

ШҚО тұрғындары чат-рулеткада айтқан сөздері үшін 5 жылға сотталды

ШҚО тұрғындары чат-рулеткада айтқан сөздері үшін 5 жылға сотталды
Фото: ©pixabay.com 11.06.2024 16:20 423

Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны билікті басып алу және сепаратистік әрекеттерді насихаттағаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Тергеу барысында аталмыш тұлғалар 2024 жылдың ақпанында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажет екені туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды.

Референдумда оң нәтижеге қолжеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттаған. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді.

Сот үкімімен жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға