Кеше сағат 05:40-та Зайсан ауданындағы Қаратал ауылынан 25 шақырым жерде екі көлік қар құрсауында қалып қойды, оларда 7 адам болған екен. Жолаушыларға жол талғамайтын техникамен көмекке келген 25-ӨСБ құтқарушылары Дайыр ауылына 4 адам, Зайсан қаласына 3 адамды аман-есен жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оларға медициналық көмек қажет емес еді. ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы еске салады. Егер көлік қысқы жолға жабдықталмаған болса, қараңғы түскенде жолға шықпаңыз. Егер шығу қажет болса, тамақ, ыстық сусындар мен жылы киімдерді, зарядталған ұялы телефонды алып жүруді ұмытпаңыз.
Автокөлік ауа-райына сәйкес жабдықталуы керек. Бұл тек қысқы резеңкені ғана емес, сонымен қатар жүксалғышта күрек, кабель, фонарь, алғашқы көмек жинағын алып жүруді білдіреді.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.