ШҚО құтқарушылары дәрігерлерді жетуі қиын жерге жеткізді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
13.01.2023 14:14
947
Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округіндегі Ақтам қыстағында науқасқа дәрігерлердің көмегі қажет болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Құтқарушылар жетуі қиын жерге жедел жәрдем қызметкерлерін жол талғамайтын көлікпен жеткізді. Бірнеше шақырым жолсыз жерді еңсеруге тура келді.
Қыстаққа келген соң дәрігерлер науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетіп, содан кейін науқасты жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізуге көмектесті.
Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарлаңыз.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Германияға 300 мың тонна мұнай эскпорттайды
Келесі жаңалық
Қызылорда облысында жол жабылды