Жаңалықтар

ШҚО-ның таулы аймақтарында көшкін қаупі бар

ШҚО-ның таулы аймақтарында көшкін қаупі бар
Фото: ҚР ТЖМ 17.02.2024 19:17 678

Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында көшкін қаупі сақталады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен-Алтай автожолында қар массасының еріксіз түсуіне жол бермеу үшін бүгін жасанды түрде көшкін түсірілді. Нәтижесінде 22300 текше метр қар түсті.

Қар көшкіні адамның шуы мен айқайынан түсуі мүмкін. Тауға шықпас бұрын көшкін қаупі туралы дауылды ескертудің бар-жоғын тексеріңіз. Мұны «Дармен» мобильді қосымшасын тегін жүктеу арқылы жасауға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға