Жаңалықтар

ШҚО еріктілері «Киелі мекен» апталығына белсенді қатысып жатыр

ШҚО еріктілері «Киелі мекен» апталығына белсенді қатысып жатыр
Фото: ШҚО әкімдігі 18.04.2024 12:30 691

«Киелі мекен» апталығы аясында ШҚО-дағы мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жастар мен тұрғындар тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өскемендегі Қабанбай батыр ескерткішінің маңында сенбілік басталды. 2014 жылы ашылған бұл алты метрлік монументтің авторы – Нұрлан Далбай. Аты аңызға айналған қолбасшы ат үстінде бейнелеген.

Абаттандыруды нақ осы Қабанбай батыр ескерткішінен бастағанымыздың өзіндік мәні бар. Бұл – жай ғана монументалды тарихи-мәдени нысан емес, қасиетті орын! Сондықтан осы аумақты тәртіпке келтіріп, абаттандыру өте маңызды, – дейді ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Алдияр Әубәкіров.

«Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар қыс мезгілінде ескерткіштің айналасына жиналып қалған бүкіл қоқысты тазартты. Бір апта ішінде олар Шығыс Қазақстандағы басқа да киелі орындардың аумағын ретке келтіреді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Ол бес аптаға созылады, әр апта белгілі бір тақырыпқа арналған.

ШҚО еріктілері «Киелі мекен» апталығына белсенді қатысып жатыр

Сурет: ШҚО әкімдігі

ШҚО еріктілері «Киелі мекен» апталығына белсенді қатысып жатыр

Сурет: ШҚО әкімдігі

ШҚО еріктілері «Киелі мекен» апталығына белсенді қатысып жатыр

Сурет: ШҚО әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға