ШҚО-дағы кеніште екі жұмысшы топырақ астында қалды
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
11.10.2023 14:18
736
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы KAZ Minerals компаниясының кенішінде екі адам топырақ астында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғаның қалай болғанын KAZ Minerals тобы корпоративтік департаментінің менеджері Ермек Дүзкенов Кazinform агенттігіне айтып берді.
Кейбір БАҚ өкілдері кеншілер үйінді астында қалды деп жазып жатыр. Бұл — қате ақпарат. Екі жұмысшы опырылған жерге құлап кетті. Олардың үстіне тау жынысы құлаған жоқ. Оның бірі қазір топырақтан шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Екіншісін құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмысшы тірі, — деп түсіндірді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бас мүфти: Балиғат жасына толмағандарға орамал тағу парыз емес
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті