Жаңалықтар

ШҚО-дағы Боран ауылында бір күнде ұзындығы 190 метрлік қорғаныс жағалауы жасалды

ШҚО-дағы Боран ауылында бір күнде ұзындығы 190 метрлік қорғаныс жағалауы жасалды
Фото: Видеодан кадр 26.05.2024 13:40 497

Шығыс Қазақстанда су тасқыны жағдайы бақылауда. Боран ауылында ерте су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар қап төсеп, жергілікті атқарушы органдар арнайы техниканың көмегімен бөгеттерді толтырып жатыр. Бір күннің ішінде 300 қап инертті материалдар төселіп, ұзындығы 190 метр, биіктігі 1-1,5 м болатын қорғаныс жағалауы жасалды.

Қара Ертіс өзенінің деңгейі тұрақты бақылауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға