ШҚО-дағы Берел орман шаруашылығынан өрт шықты

2023 жылғы 18 шілдеде Катонқарағай ауданында Берел орман шаруашылығының аумағында шамамен 1700 метр биіктікте түтін ошағы байқалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқға орнына бірден Казавиаорман күзетінің МИ-2 тікұшағы шығып, орманшылар мен өрт сөндірушілерді жеткізді. Әуеден барлау нәтижесінде шамамен 2,5 гектар аумақта жалғыз өскен ағаштар өртеніп жатқаны байқалды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Ұшақта темекі шеккен алматылық екі әйелге айыппұл салынды
- Бағдаршамда қызыл жанып тұрғанда көліктен шығып билеген қыз айыппұл төлейді
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Әуе-десанттық дивизиясының МИ-8 тікұшағы өрт орнына десанттарды жеткізу жұмыстарын жүргізуде.
Өртті сөндіруге 67 орманшы мен өрт сөндіруші, 6 бірлік техника, «Қазавиаорманкүзеті» ММ МИ-2 және ШҚО авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшақтары жұмылдырылды.
